24.07.2018, 9:14
Оқылды: 18

Жәнібекте 17 бала екпеге келмей отыр  


privivkaЖәнібек аудандық қоғамдық денсаулық басқармасының жетекші маманы Іңкәр Хасайынованың мәліметінше, ауданда 17 бала екпе алмаған. Екпеге келмей отырған балалардың бәрі де аудан орталығынан, ал басқа ауылдық округтерде екпеден бас тартқан ата-аналар жоқ.  

-Жыл сайын мемлекет қыруар қаржы бөліп, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакциналар алады. Үкіметтің арнайы қаулысымен ұлттық екпелер күнтізбесі дайындалған. Ауданда қайсыбір ата-аналардың балаларын екпеге әкелмеу мәселесі 2011 жылдан бастап туындады. Мәселен, сол жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін аудан орталығындағы бір отбасында 4 бала екпе алуға  келмеуде,-дейді жетекші маман өз сөзінде.

                                                      Н.Жапақов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале