22.05.2018, 10:36
Оқылды: 33

Жәнібекте 229 жас әскер қатарына шақырылды

photo_196424Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы  Данияр Қайсағалиевтың мәліметінше, биылғы көктемгі әскерге шақырту кезінде аудан бойынша 229  жас әскер қатарына шақырылса, содан күні бүгін 179 шақырылушы шақыру пунктіне ат ізін салып отыр.

Ал әскерге шақыртқан 50 азамат әлі күнге дейін шақыртуға құлақ аспауда. Олар Ақтау, Атырау, Орал және тағы да басқа қалаларда жұмыс істейтіндіктерін желеу етіп келмей жүр.

Аталған бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушының бізге берген мәліметіне сүйенсек, әскери міндетін атқаруға шақырушылардың арасындағы 21 жас әскерге баруға уақытша жарамсыз болып шықты. Сол сияқты 46 шақырылушы кейінге қалдырылса, соның ішінде 30 жас әртүрлі оқу орындарында білім алуда. Сондай-ақ 11 шақырылушы отбасы жағдайына байланысты және  ауылдық жерлерде мұғалім болып қызмет атқаратын 5 шақырылушы да заңға сай  босатылған. Әскерге шақырылушылардың ішінде жат діни ағым бірлестіктеріне тіркелгендер жоқ.

 

                                                                                                    Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале