9.10.2017, 18:31
Оқылды: 25

Жәнібекте 24 тұрғын үй пайдалануға берілді

Жәнібек ауданының 95 жылдығына орай ауылдың оңтүстік-шығыс бетінен бой көтерген жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Жиналған жұртшылықтың алдында аудан әкімі Азамат Сафималиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар және қоныс той иелерінің атынан Роза Молдашева құттықтау сөз сөйледі.

Содан соң Азамат Сафималиұлы 24 тұрғын үй иелеріне олардың кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Әнші Данабек Үмбетәлиевтің орындауында А. Қоразбаевтың «Жасай бер, қазақ!» әні қалықтады. Осыдан кейін шараға жиналған қонақтар жаңа тұрғын үйдің иесі, зейнеткер Ақсұлу Төреғалиеваның баспанасында болып, дәмнен ауыз тиді. Кейуана қуанышымен бөліскен қонақтарға ризашылығын білдіріп, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына бастамашы болған Елбасыға, оны жүзеге асыруға мұрындық болып отырған облыс, аудан әкімдеріне алғыс айтты.

Аудан әкімі Азамат Сафималиев, Саратов облысының Питер және  Новоузень  муниципальді аудандары әкімшілігінің басшылары Сергей Егоров, Михаил Андреевтер баспана иесінің қызымен бірге үй жанындағы қоршауға терек екті.

Асқар Құсайынов

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале