10.04.2018, 14:29
Оқылды: 46

Жәнібекте 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысады

7392 - копия (2)Жәнібек аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың мәліметінше, биылғы бекітілген жоспарға сәйкес 26 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамту бағдарламаларына қатыспақ.

Соның ішінде 16 адам тұрақты, 8 адам қоғамдық жұмыс орындарына және 2 адам кәсіптік оқуға жолданады.

–Күні бүгін мүгедек жандардың арасынан 1 адам жастар тәжірибесіне, 1 адам қоғамдық жұмыс орындарына және 1 адам тұрақты жұмысқа жолданды. Қалған 23 орынға мүмкіндігі шектеулі жандар үстіміздегі жылдың аяғына дейін орналасады,-дейді аталған орталықтың директоры.

                                                                           Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале