1.02.2018, 16:35
Оқылды: 34

Жәнібекте құны 350 млн. теңге болатын 4 әлеуметтік нысан сараптамадан өтуде

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев аудан тұрғындары алдында есеп берді. Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

- Жалпы сомасы 350 млн теңге болатын 4 әлеуметтік нысанға жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өткізілу сатысында.

Атап айтсақ, Жәнібек ауылындағы Тайыр Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектептің интернатын, Тау ауылындағы Ғұсман Абдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектепті, «Балбұлақ» балабақшасын және  Қамысты ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жобалары сарапталу үстінде, - деді Азамат Сафималиұлы.

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, 655 млн теңгеге 6 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаржыландыруды қажет етеді. Олардың қатарында Жақсыбай ауылындағы орта  мектепті, Талов және Ұзынкөл ауылдық округтеріндегі Мәдениет үйлерін және Ақоба ауылдық округіндегі медициналық пунктті күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бар. Сонымен қатар Қамысты мен Ұзынкөл ауылдық округтеріндегі суландыру каналдарын реконструкциялау шаралары да осы жоспарға кіреді.

zhaikpress.kz

Сурет Айбатыр Нұраштікі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале