3.04.2017, 12:36
Оқылды: 20

Жәнібекте 565 адам қоғамдық жұмыстарға жолдануда

Жәнібек ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және  жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты бойынша жұмыстар атқарылуда.

«Бастау Бизнес» жобасына сай кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіліп, оқуға үміткерлер бұл жобаны оқыту мәселелері жөнінде кеңес алу үшін БҚО кәсіпкерлер палатасының Жәнібек аудандық филиалына, ауылдық округ әкімдеріне, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына келуде. Келіп түскен өтініштер қажетті құжаттарымен бірге аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына беріледі. Орталық жасақталған үміткерлердің тізімін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша нысаналы топқа сәйкес келуі тұрғысынан тексеріп, тізімді кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына ұсынады.

–Ал халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға арналған үшінші бағытына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бағытында 9 жұмыс берушімен келісімшарт жасалып, 26 адам жұмыссыздар қатарына тіркелді, аудан бойынша 20 жас маман іс-тәжірибеден өту үшін 17 жұмыс берушіге 6 ай мерзімге жіберілді. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 565 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдануда, - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесов.

Н.Жапақов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале