9.01.2019, 17:10
Оқылды: 24

Жәнібекте 7 іс медиациямен тоқтатылған

Бүгін Жәнібек аудандық сотында 2018 жылдың жұмысын саралап, талдауға арналған брифинг өтті.

janibek (5)

         Онда аудандық сот төрайымы Әсел Жамантаеваның айтуынша, 2018 жылдың 12 айындағы төрелігін жүзеге асыру сапасы 2017 жылмен салыстырғанда жақсарған. Әсіресе, азаматтық істердің көрсеткіші көңіл қуантады. Осы мерзімде 147 азаматтық іс қаралған. Мұнда оңайлатылған тәртіпте 43, бітімгершілік келісім бойынша 7 іс қаралса, медиация тәртібімен 7 іс тоқтатылған. Қайтарылған арыздар 9-ға азайса, қараусыз қалғандар саны - 5.

         Сондай-ақ, 22 қылмыстық іс түсіп, соның ішінде 9 іс тоқтатылды. Медиация тәртібімен 8 іс тоқтатылса, ал 1 іс тараптардың татуласуына байланысты шешімін тапқан. Сонымен қатар медиация тәртібінде тараптардың өзара келісуімен 42 әкімшілік іс тоқтатылған. Ал өкінішке орай ауданда ажырасу 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Мәселен 2017 жылы 13 ажырасу болса, былтыр 25 ажырасу ісі тіркелген.

 Л.Халина,

Жәнібек ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале