16.01.2019, 12:03
Оқылды: 24

Жәнібекте 882 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан

1 қаңтардағы көрсеткішке сәйкес, Жәнібек ауданында кедейлік деңгейінен төмен тұратын отбасылар саны – 251 жанұяны, осы санаттағы адам саны 1141 адамды құрады.

20170412131744

Былтыр оларға 48133,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар 166 отбасыға (697 адам) тұрғын үй көмегі тағайындалып, 6544,0 мың теңге төленді. Аудан бойынша 487 мүмкіндігі шектеулі тұрғын есепке алынған. Олар санаттарына байланысты арнаулы құрал-жабдықтармен, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде. Өткен жылы түрлі санаттағы 766 адамға 20 млн. 171 мың теңге көлемінде материалдық, қайырымдылық айлығында 988 адамға 10 млн. 500 мың теңгеге көмек көрсетілді. Ал жұмыспен қамту бөліміне 1 430 адам жолықса, 882 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

А.Қожағұл,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале