20.07.2017, 11:19
Оқылды: 25

Жәнібекте 91 пайыз тұқымдық түрлендірілді

Төрт түлік малға мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді дер кезінде пайдалану мақсатында Жәнібек ауданында біркелкі жұмыстар жүргізілуде.


Аудан бойынша мал басы жылдан-жылға өсіп келеді. Нақтылап айтатын болсақ, биылғы есепті мерзім ішінде ірі қара 43012 бас, қой мен ешкі 85676, жылқы 13224 бас, түйе 116 бас болып, өткен жылмен салыстырғанда  өсім тиісінше 115, 112,121 және 117 пайызды құрады.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақовтың мәліметіне қарағанда, елімізде пайдаға асып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың ауқымында аудан бойынша 183 шаруа қожалығы және 4 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде 13774 бас аналық мал мен 496 асыл тұқымды бұқа тұқымдық түрлендіру бағытына сай тіркелген. Сол сияқты 13 шаруа қожалығы 5127 бас аналық қойын 171 бас асыл тұқымды қошқармен қамтыған.

-Үстіміздегі жылы 120 шаруа қожалығы ірі қара малының 386 бас асыл тұқымды төлін және 8 шаруа қожалығы 115 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.  Сондай-ақ барлық ауыл орталықтарындағы жеке табындағы 5546 бас аналық малдың 3900 басы 144 асыл тұқымды аталық бұқамен 70 пайыз қамтылды. Жалпы аудандағы 17420 бас аналық мал түрлендірумен қамтылып, 91 пайызды құрады,-дейді ол.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале