3.11.2017, 11:49
Оқылды: 21

Жәнібекте 93 пайыз тұқымдық түрлендірілді

Бұл туралы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашев айтты.

Тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша ақпараттық талдау жүйесіне 189 шаруа қожалығы мен 4 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін қосқанда 14061 бас ұрғашы мал мен  496 бас асыл тұқымды бұқа тіркелген.

-Биылғы тоғыз  айдың ішінде 386 бас асыл тұқымды бұқа және 299  асыл тұқымды қошқар сатып алынып, 21 шаруа қожалығында  349 асыл тұқымды қошқар бар. Сол сияқты барлық ауыл орталықтарындағы жеке табында бағылатын  5546 сиырға асыл тұқымды 149 бас бұқамен қамтылған. Нақтырақ айтқанда, аудандағы 17923 бас ұрғашы мал тұқымдық түрлендірумен  қамтылып,  93 пайыз құрап отыр,-дейді ол өз сөзінде.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале