27.02.2019, 18:55
Оқылды: 20

Жәнібекте әйелдердің алғашқы форумы ұйымдастырылды

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жәнібек ауданында I аудандық «Аналарды ардақтау – асыл дәстүр» атты форум өтті.

 janibek (1)

«Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі мен аналар кеңесінің ұйымдастырған шараға көп балалы аналар, түрлі саладағы іскер әйелдер қатысты.

         Форум аудандық музей бөлімінде «Ұлттың ұйытқысы әйел-ана» атты арнайы жасақталған көрмені тамашалаудан басталды. Қатысушылар аудандық мәдениет үйінің фойесінде дайындалған әр ауылдағы қолөнершілердің бұйымдарымен танысты.

         Форумда сөз сөйлеген аудан әкімі Азамат Сафималиев:

         - Сіздердің тәуелсіз мемлекетімізді одан әрі дамыту жолында қосып жатырған үлестеріңіз шексіз. Әрқайсысыңыз өзіңізге жүктелген кәсіптік міндеттеріңізді орындап қана қоймай, күнделікті тұрмыстың ауыртпалығын да көтеріп жүрсіздер. Қазақстанның болашағы – өскелең ұрпақты тәрбиелеу қамы да сіздердің нәзік иықтарыңызда,- деді.

         Ауданда аналар кеңесі 2017 жылы құрылды. Әзірге кеңесте он үш адам бар. Аналар кеңесінің қазіргі уақытқа дейін жасалған жұмысы жайлы аудандық кеңесінің төрайымы Дина Сапашева баяндады. Сонымен қатар Тау ауылдық аналар кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Риза Сағынаева өзі қатысқан Талдықорған қаласында өткен республикалық аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы хақында айтты. Көп балалы ана, өзінің төрт перзентіне қоса қамқорсыз қалған жақын туысының 4 баласын бауырына алып, тәрбиелеп отырған Жанагүл Исқақова, бала тәрбиесі жөнінде сөз қозғады. Ал «Алтын жіп» тігін цехының басшысы Бәтима Масанова өзінің өмірінен сыр шертті.

janibek (2) janibek (3)

 

         Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

 

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале