16.01.2020, 11:00
Оқылды: 44

Жәнібекте әскерге шақыру учаскесіне тіркеу басталды

Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу және әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жиын өткізіліп, оған мекеме басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

tirkeu

Онда аталмыш бөлім бастығы Арман Ахонов азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу және әскерге шақыру жұмыстарын өткізу жөнінде хабарлама жасады.

Жиын барысында жасөспірімдерді есепке алуға және уақтылы өткізуге байланысты лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуі керек.

Биыл Жәнібек ауданы бойынша 81 азаматты тіркеу жоспарланған

 

Лаура Халина

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале