20.11.2017, 11:00
Оқылды: 20

Жәнібекте ат спорты үйірмесі жұмыс жасауда

IMG-20171117-WA0001Жәнібек аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде балалардың түзелуіне бірден-бір әсер ететін шаралар көптеп жүргізілуде.

Аталған кабинеттің педагог-психологі Агиза Ералиеваның айтуынша, оқушылар емдік дене шынықтыру сабағына қызығушылықпен қатысады. Олар волейбол торына доп лақтыру, құмның бетіне өз ойын суреттеп көрсету, атқа салт мініп жүру сияқты сабақ, ойындарда мейлінше белсенді.  Мәселен, кабинеттің 7 оқушысы иппотерапия тәсілі негізінде құрылған ат спорты үйірмесіне қатысуда. Бұл үйірмеге балалардың барып, келуіне аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов жағдай жасап, үнемі автокөлікпен қамтамасыз етіп келеді. Оқушылар да ат спорты үйірмесіне  үзбей қатысып, атқа салт мінуді үйренуде.

                                                                              Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале