9.08.2017, 16:24
Оқылды: 24

Жәнібекте автокешен ашылды

Бүгін Жәнібек ауданы орталығында кәсіпкер Азамат Сейіткереевтің жаңа автокешені ашылды.


Былтыр мамыр айында құрылысы басталған нысанды кәсіпкер өз қаражатына салдырса, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 8 миллион теңге несие алып, автокөлік кешеніне қажетті құрал-жабдықтар алған. Ғимаратта автобөлшектер, бір уақытта екі машинаны қабылдай алатын көлік жуу және техникалық жабдықтау орталықтары бар. Жаңа нысанның иесі алдағы уақытта үш адамды жұмыспен қамтымақшы.

Ашылу салтанында сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев автокешеннің иесін құттықтап, ауданда мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде шағын және орта бизнес нысандарының дамып келе жатырғанын айтты. Жаңа ғимараттың алдындағы лента қиылған соң, автокешен иесі келушілерге «қош келдіңіздер» айтып, су жаңа нысанының қызметімен таныстырды.

Данияр ОСПАН,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале