15.03.2019, 17:26
Оқылды: 25

Жәнібекте баскетболдан ашық турнир өтуде

Жәнібек ауданының орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы және ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай мекемелер арасында баскетболдан ашық турнир өтуде.

 IMG_0028

         Турнирге аудан әкімдігі қолдау білдіріп, аудандық мәслихат және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырды.

          Оған аудан әкімдігі, №1 мектеп-лицейі, Т.Жароков атындағы мектеп, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, түрлі мекеме қызметкерлерінің «Шекара», «Колледж», «Аграршылар», «Достар» және «Жалын» командалары қатысуда.

         Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнир қорытындысын хабарлайтын боламыз.

IMG_0018

Л.Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале