23.12.2020, 18:12
Оқылды: 34

Жәнібекте бастама аясында көмек көрсетілуде

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» атты Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызметкерлердің бастамасы аясында Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев аудан орталығында тұратын көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері Жазира Ажмұқановаға арнайы кіріп шықты. Күні кеше жетінші сәбиін дүниеге әкелген Жазираны келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбасына денсаулық пен табыс тіледі.
132859337_2202581593211177_3617932903523929500_n

Айта кетейік, «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» атты Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызметкерлердің бастамасын Жәнібек ауданының басшысы Азамат Сафималиұлы мен барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер қолдап, бүгінгі таңда ауданның аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына көмек көрсетілуде.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале