20.09.2019, 17:41
Оқылды: 76

Жәнібекте бейнекамералар орнатылды

«Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында Жәнібек ауданы орталығында көлік құралдарын тіркеу мақсатында автоматтандырылған бейнебақылау камералары орнатылды.

 IMG-20190920-WA0037

Жол қозғалысын бақылауға арналған камералар сегіз жерде, яғни М.Мәметова-Жеңіс, М.Мәметова-Ш.Мәжитов, М.Мәметова-А.Иманов, Ғ.Қараш-М.Ықсанов, М.Ықсанов-Абай көшелерінің қиылысында, сондай-ақ Х.Чурин көшесінен батыс бетке қарай өтетін өткелде, Т.Әбдірахманов көшесіндегі «Әлем» орталық базары мен солтүстік шығыс бағыттағы кіреберіс жерге орнатылған.

Аудандық полиция бөлімінің 2-ші арнайы тобының инспекторы, полиция капитаны Рустам Теміровтың мәліметіне сүйенсек, аудан орталығында орнатылған бейнекамералар автоматтандырылған режимде жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеуге, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

- Жаңа орнатылған камералардың көрсету мүмкіндігі жоғары. Құрылғы оқиғаның ізін суытпай қылмысты ашуға, шұғыл түрде анықтауға мүмкіндік береді. Ендеше жол жүру ережесін бұзған әрбір жүргізуші заң аясында жауапкершілікке тартылады. Аудандағы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізбек, - деді ол.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале