17.04.2017, 14:10
Оқылды: 25

Жәнібекте бесінші футбол алаңы ашылды

Жәнібек ауданының Қамысты ауылында шағын футбол алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Аталмыш спорт нысанын «Биби» жеке кәсіпкерлігі (жетекшісі Б.Даумов) салып, іске қосты. Бұл - аудандағы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы бой көтерген бесінші футбол алаңы.

Алаңның ашылу салтанатына жиналған жұртшылықты аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин құттықтады.

–Елбасы халық арасында саламатты өмір салтын ұстануға және бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша бірқатар спорт нысандары бой көтеріп, халықтың жаппай спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер көбейді. Бүгін, міне, Қамысты ауылында да заманауи футбол алаңы іске қосылып, тұрғындар қуанышқа кенелуде. Осы спорт нысанында балалар футбол ойынымен шұғылданып, шеберліктерін шыңдап, болашақта әлемдік додаларда өнер көрсетсін. Жалпы Қамысты ауылының тұрғындары жаңа нысанның шарапатын көрсін, - деген аудан басшысы аталған ауылдың тұрғыны, зейнеткер-ұстаз Зейін Сабырғалиевпен бірге футбол алаңының ашылу рәсімін жүргізді.

Мұнан соң Ақоба, Борсы, Тау және жергілікті командалар арасында футболдан жолдастық кездесулер өтті.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале