22.02.2017, 11:51
Оқылды: 19

Жәнібекте былтыр 4 автокөлікте өрт оқиғасы тіркелген

Нәтижесінде 3 автокөлік зақымданып, 1-еуі толықтай жарамсыз болған.

- Автокөліктегі өртті бастапқы кезеңде өшірмесе, автомобиль орта есеппен алғанда 5-10 минутта түгелдей жанып кетеді. Өрттен сақтану барысында барлық автокөліктердің кабинасында сыйымдылығы 2 литрден кем емес ұнтақты немесе көмір қышқылды өрт сөндіргіштер болуы және жүргізушіден қашық емес, оңай алынатын жерге орналастырылуы керек,-дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты М. Күлтенов.

                                                      А. ЕСІРКЕПОВ,

Жәнібек ауданы    

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале