18.01.2018, 17:01
Оқылды: 22

Жәнібекте былтырғы атқарылған жұмыстар сараланды

Жәнібекте аудандық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Азамат Сафималиев 2017 жылы ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, мәдениет, спорт саласында атқарылған, алда атқарылатын жұмыстар жөнінде жиналғандар алдында есеп берді.

Бұдан соң аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев былтыр атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша баяндамалар аяқталғаннан кейін жарыссөз басталып, онда Тау ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Төлепқали Әзберген, еңбек ардагері Меркен Кенжеғалиев, Ақоба ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Мұхтар Бисенғалиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесші маманы Мөлдір Әбдірешева сөз сөйлеп, ауданда өткен жылы атқарылған нәтижелі жұмыстарға оң бағаларын берді. Жиын соңында аудандық қоғамдық кеңес шешім қабылдап, аудан әкімінің, аудандық мәслихат хатшысының және аудандық қоғамдық кеңес төрағасының хабарламаларын қаперге ала отырып, аудан әкімінің 2017 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық және басқа салаларды дамыту бағытында атқарған жұмыстарын қанағаттанарлық деп бағалады.

                                                                              Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале