5.11.2018, 11:19
Оқылды: 66

Жәнібекте дала қызықтары өткізілді

Жәнібек ауданында Астана қаласының 20 жылдығы, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына 50 жыл толуына байланысты және бәйге маусымының жабылуына арналған дала қызықтары өтті.

 

janibek baige (5)

 Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан тұрғындары және қонақтар қатысты. Жұртшылық аударыспақ, толағай тартыс, арқан тартыс, жаяу жүгіріс, тай жарыс және топ бәйге сынды ұлттық ойындарды тамашалады. Көршілес Қазталов, Бөкей Ордасы және Ақжайық, Ресейдің Палласовка аудандарынан шабандоздар келіп, өнерлерін ортаға салды.

         Аударыспақтан 1, 2, 3 орындарды тиісінше Мирас Берікбаев, Жансерік Қалмияров, Нұрберген Аманғалиұлы иемденді. Толағай тартыстан бірінші орынды Ниязбек Оңайәлиев, екінші орынды Равиль Қалмияров және үшінші орынды Нұрберген Аманғалиұлы бөлісті. Арқан тартыстан бірінші, екінші, үшінші орынды «Алға Қазақстан»командасы (Жәнібек), Ақоба, Күйгенкөл командалары жеңіп алды. Жаяу жүгірістен Арман Есболатов үздік атанды. Тай жарыстың қорытындысы бойынша 1-орын Шерхан Абатовқа (Бөкей Ордасы), 2-орын Мейрамбек Зейноллаға (Қазталов) және 3-орын Арсен Құбышевке (Ақоба) бұйырды. Ал топ бәйгенің нәтижесі бойынша бірінші орыннан Бекзат Ахметкереев (Жәнібек), екінші орыннан Бақберген Кенжемұрат (Ақжайық), үшінші орыннан Азат Мұратов (Бөкей Ордасы) көрінді.

janibek baige (4) janibek baige (7) janibek baige (8) janibek baige (9) janibek baige (10)

Г.Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале