20.10.2020, 21:02
Оқылды: 65

Жәнібекте футбол алаңы жөндеуден кейін пайдалануға берілді

Жәнібек аудандық спорт мектебінде футбол алаңының күрделі жөндеуден кейінгі қайта ашылу салтанаты өтті. Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасарлары Жақсылық Абдолов, Асхат Молдағалиев және жерлесіміз, белбеу күресінен әлемнің ІІ дүркін жеңімпазы Нұрлыбек Хайрулин қатысты.

391C3C60-6B54-4FB8-835C-DCE23122939D

Аудан әкімі Азамат Сафималиұлы жөндеуден өтіп, аудан орталығында қайтадан жаңғырған футбол алаңының ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ спорт ардагері Тоқтар Қайырғалиұлы және спорт жанашыры Серік Ғазезұлына БҚО дене шынықтыру, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Қаймен Есендияровтың алғысхаттарын табыстады.

A92728A5-FBEE-4EF3-8A12-1008128A32E9

Сонымен қатар аяқдоп шеберлеріне аудан әкімдігі атынан алғысхаттар табыстап, спорттық құралдар сыйға тартты. Одан кейінгі құттықтау сөз спорт ардагері Серік Масановқа берілді. Шара аудандық мәдениет қызметкері Аслан Боранбаевтың "Елге сағыныш" әнімен қорытындыланды.

Гүлім Асқарқызы,

Жәнібек ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале