9.10.2017, 18:30
Оқылды: 17

Жәнібекте футболдан жарыс өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру:» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында және Жәнібек ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шағын футболдан ерлер арасында ашық турнир өтті.

Оған көршілес Волгоград облысының Палласовка қаласынан, Бөкей Ордасы, Қазталов аудандарынан, Жәнібек ауылынан екі, сондай-ақ Ақоба, Борсы, Тау ауылдарынан құрама командалар қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Командаларға кәдесый табысталып, Райымбек Кәрімов әннен шашу шашты.

Турнир барысында бірінші орын алған ресейліктерге 50 мың, «Жәнібек-1» командасына 30 мың, «Жәнібек-2» командасына 20 мың теңгенің ақшалай сертификаты табыс етілді. Ал А.Марданов «Үздік шабуылшы», Д.Ивлев «Үздік қақпашы», М.Жоламанов «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Асқар Құсайынов

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале