7.12.2018, 17:15
Оқылды: 98

Жәнібекте Ғұмар Қараш оқуларының үздіктері анықталды

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық «Ғұмар Қараш оқулары» шығармашылық байқауы өтті.

IMG_0050

Шара Алаштың айбоз ұлы, Жәнібек жерінің төл перзенті, ақын, ойшыл, журналист Ғұмар Қараштың аудан орталығындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Аудандық мәдениет үйінің фойесінде ақынның шығармашылығынан сыр шертер кітап көрмесі қойылды.

         Сахнаға аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Кәримоллаұлы көтеріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

         «Ғұмар Қараш оқуларына» Орал қаласы, Бөрлі, Жаңақала, Бөкей Ордасы мен Жәнібек аудандарының оқушылары қатысты. Айта кету керек, байқауға облыстың барлық аудандары шақырылған болатын. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан кейбірі келе алмай қалды. Шараның бірінші бөлімінде ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылса, екінші бөлімінде жас ақындардың Ғ.Қарашқа арнап шығарған жыр жолдары мен поэмасына кезек берілді. Екі бөлім бөлек-бөлек бағаланды.

         Сайыста 12 оқушы бақ сынады. Әділқазылар алқасының шешімімен мәнерлеп оқу бойынша Альбина Жасқайратова бас жүлде (Жәнібек) иеленді. Бірінші, екінші, үшінші орындарды Жанерке Ерменова (Бөрлі), Аймырза Абайұлы (Жаңақала) және Айлана Әлжапар (Орал) иемденді.

         Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша бас жүлде Жанерке Ерменоваға (Бөрлі), 1-орын Дильназ Дидарқызына (Жаңақала), 2-орын Еркежан Ғилымхановаға (Жаңақала) және 3-орын Ұлпан Сағынғалиеваға (Жәнібек) бұйырды. Жүлделі орын алған оқушылар диплом мен бағалы сыйлықтар,жетекшілері аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

gumar QARASH F (1)

gumar QARASH F (2) gumar QARASH F (4) GUMAR

gumar QARASH F (5)

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале