16.11.2018, 17:54
Оқылды: 60

Жәнібекте ғылыми жобалар талқыланды

Бүгін Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы мектепте «Қосымша білім беру педагогтерінің шығармашылық әлеуетін арттыру арқылы кәсіби деңгейін көтеру» атты аймақтық семинар өткізілді.

IMG_0014

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинарға облыстық, Ақжайық, Бөкей Ордасы, Жаңақала, Қазталов, Жәнібек аудандары шығармашылық орталықтарының басшылары мен қосымша білім беру педагогтері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовке өз кезегінде семинарға келген қатысушыларға қош келдің айтып, сәттілік тіледі.

«Ғылыми жобаларға қойылатын талаптар», «Ғылыми жобаларды жасауда Google қосымшаларының мүмкіндіктерін пайдалану» және «Желілік жобалар жасау технологиясы» туралы облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогтері Ақан Бижанов, Марс Мақсот пен Әйбек Мирғалиев айтып өтті.

Сондай-ақ «Уондер» марсоходы мен «Ознакомление с радиоуправляемой автомоделью Багги» жобаларын Бөкей Ордасы аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогтері Нұрмұханбет Мұстафин мен Әділхан Махимов таныстырды.      Ал Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру педагогі Бауыржан Қаратаев схемалық планер жасау жолдарын түсіндірсе, «Robofermer» жайында Жәнібек аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының педагогы Мақсат Өтепбергенов баяндады.

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Ақан Бижанов қатысушыларға сертификат табыс етті.

IMG_0009

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале