14.11.2019, 11:30
Оқылды: 110

Жәнібекте қара өлең оқудан байқау өтті

Жәнібек ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық «Ұмыт қалған қара өлең» атты байқауы өтті.

janibek (2)

Сайыста сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Молдағалиев байқаудың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

janibek (3)

Ауылдық округтерден келген қатысушылар қара өлең оқып, театрландырылған көрініс көрсетті. Ата-әже, үлкен-кіші қатысқан байқау танымды әрі қызықты өтті. Қазіргі таңда қазақтың қара өлеңі ұмытылып бара жатыр. Аудан қарияларының бастамасымен өткен сайыс қорытындысында бірінші орынды Жәнібек ауылының әжелер тобы жеңіп алды. Күйгенкөл ауылының өнерпаздары екінші, жақсыбайлық Мүбина Шолақова үшінші орынға ие болды.

janibek (4)

Белсенді қатысушыларға диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Гүлзара Тілекқабылқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале