3.10.2018, 18:13
Оқылды: 66

Жәнібекте қарияларға құрмет көрсетілді

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Қариялар – елімнің қазынасы» атты мерекелік шара өтті.

janibek (2)

Жәнібек ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ерсайын Құбашевқа сөз беріліп, ол ұйымның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарымен бөлісті.

Ардақты қарияларды аудан әкімі А.Сафималиев құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ардагер-ұстаз Қабаш Жүнісовке «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағы берілсе, Ақоба ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мұхамбетқалиевке «Жайық айтысына – 60 жыл» төсбелгісі тағылды. Ақоба, Борсы, Жәнібек, Жақсыбай, Қамысты, Күйгенкөл, Тау, Талов, Ұзынкөл ауылдық ардагерлер кеңестеріне аудан әкімі атынан алғысхаттар табыс етілді.

Әрмен қарай шара мерекелік концертке ұласты.

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

janibek (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале