22.02.2019, 12:15
Оқылды: 28

Жәнібекте қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді

 Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы өтті.

IMG_0011

Күн тәртібінде аудандық қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов баяндады. Сондай-ақ аудандық Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту, аудандық мәслихат депутаты Жанболат Ғұмаровтың өмірден өтуіне байланысты, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, экология, спорт және жастар ісі» жөніндегі тұрақты комиссия құрамынан шығару мәселесі қаралды.

Аудан әкімі Азамат Сафималиев жиында қаралған мәселелер бойынша пікірін айтып, аудандық Қоғамдық кеңестің жаңадан бекітілген құрамын құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Былтыр аудандық мәслихат депутаттары вебинар арқылы кәсіптік білімдерін арттырып, арнайы сертификатқа ие болған еді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев бір топ депутатқа сертификатты табыс етті.

IMG_0026

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале