11.01.2021, 10:19
Оқылды: 82

Жәнібекте құқықбұзушылар жазаланды

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында Жәнібек ауданы орталығындағы басты алаңда шырша орнатылып, Аяз ата мен Ақшақардың мүсіндері қойылады. Былтыр індетке қарамастан тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында шырша да, мүсіндер де алаң ортасында бой көтерді.

Аяз Ата 1

Алайда Аяз ата мен Ақшақар мүсінін белгісіз біреулер бүлдіріп, мемлекеттік мүлікке зиян келтірді.

Орталықта орнатылған бейнекамера арқылы бақылауға алынып, аудандық полиция бөлімі жедел іздестіру шараларын қолға алды.

Бөлім мәліметіне сүйенсек, 1 қаңтарда түнгі сағат 02.15 шамасында белгісіз үш азамат аудан орталығындағы алаңда орналасқан Аяз ата мен Ақшақардың мүсіндерін аяқтарымен теуіп, қиратып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Аяз Ата

Іздестіру барысында 2001 жылы дүниеге келген Н. және А. сонымен қатар 2003 жылы туған А. есімді азаматтар анықталды. Үшеуі де Жәнібек ауылының тұрғындары екені белгілі болды.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 2001 жылы дүниеге келген Н. және А. есімді азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сай әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырып, Жәнібек аудандық сотымен қамауға алынды. Сонымен қатар оларға карантиндік режимді бұзғаны үшін әрқайсысына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Ал 2003 жылы туған А. есімді азамат кәмелет жасқа толмағандықтан, ісі әлі қаралуда.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале