28.07.2017, 16:46
Оқылды: 21

Жәнібекте құрылыс қарқынды

Жәнібек ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Атап айтқанда, аудан орталығындағы А.Оразбаева, Т.Жароков атындағы мектептерге және аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығына ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілуде.


Мысалы, аудан орталығындағы Алма Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектептің үш корпусына аудан орталығындағы «Жәнібектранссервис» ЖШС құрылысшылары ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш мектеп ғимаратына пластикалық терезелер орнатылып, жылыту жүйелері ауыстырылуда, еденіне линолеум төселмек.  Мектептің сыртқы қабырғасына да жөндеу жүргізіліп, айналасы талапқа сай қоршалмақ.

Аудан орталығындағы осы 3 оқу орнына жөндеу жұмыстары 15 тамызға дейін аяқталмақ. Биыл маусым айында, сондай-ақ Талов ауылында жазғы шағын футбол алаңы пайдалануға берілсе, осындай спорт алаңдарының құрылысы Жақсыбай, Жәнібек ауылдарында да аяқталмақ. Қазіргі кезде осы екі ауылға футбол алаңдарын салуға мердігер анықталуда.

Борсы ауылындағы мәдениет үйіне де «АИАС» ЖШС күшімен күрделі жөндеу жұмыстары басталып, тамызда аяқталмақ. Ал Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы мектептің жанындағы спортзалға жапсаржай салу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазір мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілуде. Сол сияқты Жәнібек-Қазталов бағытындағы күре жолдың үстіне Ұзынкөл ауылына дейін 8,2 шақырымға асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда.

                                                                                   Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале