7.08.2017, 11:25
Оқылды: 35

Жәнібекте мал азығының жартысынан көбі дайындалды

Жәнібек ауданында мал азығын дайындау жұмыстары күн санап қарқын алуда.


Аудан бойынша жоспарланған 104 мың 300 тонна шөптің 59 мың 767 тоннасы дайындалып, қыстақ басына үйілген. Мұның өзі жоспардағы мал азығының жартысынан астамы дайындалды деген сөз.

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Эльдар Темірхановтың берген мәліметіне сүйенсек, шабылған шөптің өнімділігі гектарына 7 центнерден келеді. Мал азығын дайындау науқанына 135 трактор, 151 шөп шабатын агрегат, 68 шөп жинағыш және 36 шөп маялағыш қатысуда.

Шөп шабуда Борсы ауылдық округінің шаруашылық құрылымдары алдыңғы лектен көрінуде. Аталған ауыл шөпшілері жоспарда белгіленген 9 мың тонна мал азығының 7 мың 629 тоннасын дайындап үлгерген. Сондай-ақ Жақсыбай, Қамысты ауылдарында да  шөп шабу қарқыны тәуір. Мысалы, Жақсыбайда жоспардағы 9 мың 600 тонна шөптің 7488 тоннасы шабылса, Қамыстыда жоспардағы  осындай мөлшердегі  мал азығының 5795 тоннасы дайындалған.

-Ал Күйгенкөл ауылдық округінде әзірге жоспарда көрсетілген 16 мың 440 тонна шөптің тек 5880 тоннасы ғана шабылып, дайындалды,-дейді аталған бөлімнің бас маманы.

                                                                              Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале