20.02.2017, 15:23
Оқылды: 37

Жәнібекте мал басы артты  

 

Жәнібек ауданында Үкіметтен демеуқаржы алып, өз ісін бастаған азаматтар жетерлік. Ауданда соңғы жылдары жекелеген шаруашылықтардағы ірі қара малды ауыл шаруашылығы құрылымдарына қарай шоғырландыру байқалады.  Нәтижесінде мал басы артып келеді.


Мәселен, өткен жылы ірі қара саны 31026 бас болып, өсім 25,4 пайыз құраса, қой мен ешкі 62144 басқа жетіп, көрсеткіш 16,5 пайыз құрап отыр. Сондай-ақ жылқы 10005 басты құрап, өсім 15,5 пайызға жетті. Ал түйе 100 бас болып, қалыпқа түскен тұрақтылық байқалады.

«Алтын асық», «Сыбаға» және «Құлан» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды қалт жібермеген еңбекшілер биыл да белсенділік танытып отыр.

                                                                           Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале