13.11.2018, 17:51
Оқылды: 41

Жәнібекте «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйлер берілді

Бүгін Жәнібек ауылының батыс бетіндегі Наурыз көшесінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша бастау алған екі пәтерлік жиырма тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов арнайы келіп қатысты.

IMG_0011

         -Құрметті жерлестер! Баршаңызды облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Елбасының қолдауымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларының арқасында өңір, аудан тұрғындары баспанаға қол жеткізуде. Соның жемісін бүгін өздеріңіз де көріп отырсыз. Осы тұрғын үйлерді салған мердігерге, оған атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Пәтерлеріңіз құтты болып, іші балаларға толы болсын!-деген Миржан Мұнайдарұлы қоныстой иелеріне пәтер кілттерін табыс етті.

         Баспана иелері атынан сөз алған Мөлдір Шалғынбаева 2015 жылы жоғары оқу орнын бітіріп келгеннен кейін жұмысқа орналасып, тұрғын үй кезегіне тұрғанын, бүгін соның сәті түсіп, пәтерге ие болып отырғанын үлкен мақтанышпен жеткізіп, алғысын білдірді.

         Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары ауданға танымал күміс көмей әнші Шынар Каюпованың пәтеріне кіріп, құтты болсын айтып, дәмнен ауыз тиді.

IMG_0057

А.ЕСІРКЕПОВ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале