20.09.2019, 16:45
Оқылды: 89

Жәнібекте облыстық семинар өтті

Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте «Жаңартылған білім беру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық семинары өтті.

janibek (1)

Семинардың ашылу салтанатында облыстық оқу әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Райхан Жұмағазиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина, аталған мектептің директоры Сержан Қошанов сөз сөйледі.

janibek (2)

Семинарға Тасқала, Сырым, Қаратөбе, Бөкей Ордасы, Теректі, Қазталов, Бәйтерек, Бөрлі аудандары және Орал қаласының мұғалімдері қатысты.

WhatsApp Image 2019-09-20 at 14.06.30

Облыстық семинарда Е.Ниетқалиев атындағы мектептің және №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері шеберлік сағатын өткізді. Аудандық өлкетану музейінде өткен «Жәнібекті соғыс өрті шарпыған, Батырыңдай ұрпақ өссін артыңнан» атты сабақта меймандар аудан тарихымен танысты. Семинар мектеп оқушыларының концертімен аяқталды.

Лаура Халина

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале