27.09.2019, 18:41
Оқылды: 186

Жәнібекте облыстық «Жастар барысы – 2019» сайысы өтті

Жәнібек ауданында БҚО жастар саясаты қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен облыстық «Жастар барысы – 2019» сайысы өтті.

janibek (2)

Сайысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды.

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде спортшыларға пресс конференция өткізілді. Жарысқа Ақжайық, Жаңақала, Бөкей ордасы, Шыңғырлау, Қазталов, Жәнібек аудандары және Орал қаласының палуандары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

janibek (3)

Жарыстың қорытындысында 70 келі салмақ дәрежесінде I, II, III орындарға тиісінше Назарбек Құрақов (Бөкей Ордасы), Сержан Лұқпанов (Қазталов), Серік Джамитов (Орал) ие болды. 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде I, II, III орындарды Жанболат Шайдулиев (Ақжайық), Олжас Құбашев (Бөкей Ордасы), Мейрамбек Малдыбаев (Жаңақала) өзара бөлісті.

janibek (1)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, белбеу және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Лаура Халина

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале