18.02.2019, 18:07
Оқылды: 23

Жәнібекте су тасқынының алдын алу жұмысы жүргізілуде

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде су тасқынының алдын алу жөнінде жиын өтті.

         IMG_0001                                       

         -Ауданда биылғы қысты қауіпсіз өткізу жөнінде 15 қаңтарда төтенше жағдай жарияланып, көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында жұмыстар атқарылуда. Аудан орталығында техникалардың күшімен қар ауылдан тысқары жерге шығарылуда. Қолда бар су айдайтын насостардың жай-күйі тексерілуде. Бұларға қосымша тағы да су айдайтын насостар алынатын болады. Бүгін сіздерге құм толтыратын қапшықтарды үлестіргелі отырмыз, - деген аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов мекемелердегі ұжым мүшелерінің санына қарай оларға 100-ден 250 данаға дейін қапшық берілетінін, оларды құммен толтырып, құрғақ жерге сақтау керектігін жеткізді.

         Осыған орай мекемелерде су тақынының алдын алуға байланысты топ құрылатын болды. Сонымен қатар ол ауданда техниканың жетіспеуіне байланысты жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының сауда орындары мен үйлерінің айналасындағы және аулаларындағы қарды шығаруға ат салысуын сұрады.

IMG_0003 IMG_0017

А.Қожағұл,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале