14.02.2019, 16:47
Оқылды: 25

Жәнібекте такси қызметіне шағым көп

Сол себепті бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде такси қызметіне қатысты жиын өтті.

IMG_0005

         Аудан әкімнің орынбасары Жақсылық Абдоловтың айтуынша, такси қызметіне қатысты тұрғындардан шағым көп түседі екен. Тұрғындардан таксилердің сағатына 140-150 километр жылдамдықпен жүруі, жүргізушілердің рульде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесуі, таксилердің лас күйінде қызмет көрсетуі сияқты шағымдар бар.

«Жәнібек-Орал» бағдары бағытында жолаушылар тасымалымен ресми түрде тіркелген «Жәнібек» жеке кәсіпкерлігі (басшысы Е.Шагиров) шұғылданады. Оның қарамағында отызға жуық жүргізуші, Жәнібекте және Оралда бір механик және медициналық қызметкерден бар. Жиында заңды түрде тіркелмей, жолаушылар тасымалымен айналысып жүргендерге шара қолдану жөнінде де сөз қозғалды. Бұл жайлы аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясы және Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жұмыстану қажеттігі айтылды.

А.Қожағұл,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале