3.10.2019, 18:33
Оқылды: 103

Жәнібекте тәлімгерлік кабинет ашылды

Қариялар күніне орай Жәнібек аудандық полиция бөлімінде тәлімгерлік кабинет ашылды.

IMG_0012

Аталған кабинет қызметінің мақсаты - құқық қорғау саласында ұзақ жылдар қызмет атқарып, зейнетке шыққан ардагерлердің жас мамандарға бағыт-бағдар мен кеңес беріп, тәжірибелерімен бөлісу. Олардың арасында Бекет Әліпқалиев, Ерсайын Махлиев, Ғайнолла Айдынәлиев, Берік Төлеуов, Хабидолла Дәулетқалиев, Қайырғали Нысанбаев бар.

IMG_0005

Ашылу салтанатында сөз алған аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Қаташев ардагерлердің осы салада жұмыс тәжірибесі мол екендігін айтып, Бекет Әліпқалиұлына кабинеттің кілтін табыс етті.

IMG_0002

-Ардагерлердің тәжірибесі мол. Қызмет болғаннан кейін, онда кемшіліктер де, жетістіктер де болады. Сол жетістіктерді әрмен қарай жетілдіру үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Ардагерлердің ішкі оперативтік жұмысқа араласуға құқығы жоқ. Бірақ сыртқы қоғамдық тәртіппен кездесетін келеңсіздіктерді жою, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру, халыққа полицияның жетістігін тарату мақсатында ардагерлердің атқаратын қызметі мол. Осы салада қызмет атқарған аудан бойынша 13 ардагер бар. Соның ішінде белсенділері, осы кабинеттің ашылуына үлестерін қосты,- деді ішкі істер органының ардагері Бекет Әліпқалиев.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале