27.10.2020, 22:51
Оқылды: 231

Жәнібекте танымал тұлғамен кездесу кеші өтті

 Жәнібек аудандық мәдениет үйінде жиһанкез, заңгер, саясаткер, өнертанушы, өлкетанушы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы қаласы мен Қазталов ауданының құрметті азаматы Мәди Артығалиевпен кездесу кеші өтті.

D69624A6-2BDF-4A70-86CF-C00A5E245EF1

Онда Мәди Әдиұлы ұлы ақын Абай Құнанбайұлы, Әбу-Насыр әл-Фараби және жерлесіміз Телағыс Темешов туралы ғибратты әңгімелерімен бөлісті. Сондай-ақ кездесуде кеш қонағы, белгілі композитор, өнер майталманы, ҚР мәдениет қайраткері Әділбек Сүлейменов данышпан Абай ақын туралы әншашуын шашып, одан кейін ақын Бауыржан Ширмединұлының сөзіне жазылған "Ауылым" әнінің бейнеклипін көрермен назарына ұсынса, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филормонияның әншісі, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Күләш Қуанышқалиева да жиналған қауымға "Ақбаян" әнін, қазақтың қара домбырасының сүйемелдеуімен "Домбыра" атты әсем әндерін тарту етті. Одан әрмен Мәди Артығалиев өзінің әні мен сөзі жазылған "Жастық жыры" әнін орындап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев сөз сөйлеп, кеш қонақтарына алғысын білдіріп, аудан әкімі атынан алғысхат табыстап, Мәди Әдиұлының иығына шапан жапты. Өз кезегінде Жәнібек ауылының тұрғыны Меңсұлу Жұмақұлова да сөз алып, келген қонақтарға шексіз ризашылығын білдірді.

 Гүлім Қабдолова,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале