14.03.2019, 17:46
Оқылды: 25

Жәнібекте ұлттық ойындардан сайыс өтті

Бүгін Жәнібек аудандық спорт мектебінде Көрісу күніне орай ұлттық ат спорты ойындары аударыспақ пен теңге ілуден жарыс өтті.

janibek k (3)

Тартысты өткен додада спортшылар түрлі салмақ дәрежесі бойынша жүлдегер атанды.

Түрлі салмақ бойынша Аслан Нұржанов, Алмат Таумұратов, Ерсұлтан Шафхатов, Ерболсын Мақашев, Рахат Жұманиязов, Әлішер Ерболатов І орынға ие болды. Ал Рахат Жұманиязов «Түйе палуан» атағына ие болды. Сондай-ақ, теңге ілуден Әли Мәлік І, Рахат Жұманиязов ІІ, Ерболсын Мақашев ІІІ орынды иемденді.

Жеңімпаздар медаль, диплом және сыйлықтармен марапатталды.

janibek k (1) janibek k (2) janibek k (4)

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале