3.10.2017, 16:11
Оқылды: 21

Жәнібекте үш ұрлық ашылды  

 

Жәнібек ауылында биыл қыркүйек айында болған үш ұрлықтың беті ашылды. Бұл туралы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ақылбек Елекешов мәлімдеді.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылғы 7 қыркүйекте Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы көше  №108/1 үйдің ішінен ұялы телефон ұрланып, ұрлыққа қатысты Б. деген азамат ұсталса, 20 қыркүйекте осы ауылдағы Р.Егізбаев атындағы көшедегі №69 үйдің ауласынан велосипед қолды болып, бұл қылмысты жасаған К. деген азаматтың ісі сотқа жолданған. Сондай-ақ  23 қыркүйекте аталған ауылдағы Ш.Шарафетдинов атындағы көшеде орналасқан «Нұр» дүкенінен азық-түлік пен 8 мың теңге мөлшерінде ақша қымқырған И. деген жасөспірім жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қолға түскен.

                                                                                      Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале