20.10.2017, 15:27
Оқылды: 25

Жәнібекте үшінші спорт алаңы пайдалануға берілді

6857edb67f6ef82c4eee2047b65e7524Жәнібек ауданы орталығындағы А.Оразбаева атындағы негізгі мектептің жанында жазғы спорт алаңы ашылды.

Бұл аудан орталығында ашылған үшінші спорттық алаң. Алаңды «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 8 миллион 824 мың теңге қаржыға кәсіпкер Айболат Аяпов жетекшілік ететін «ЖәнібекТрансСервис» ЖШС құрылысшылары бір айдың ішінде салып бітірді.

Спорт алаңының ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтау сөз сөйлеп, бұл Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан игілікті іс екендігін, аталған мектеп шәкірттерінің осы алаңда үнемі  жаттығып, алдағы уақытта спортта жоғары жетістіктерді бағындаруға тілектестігін білдіре келіп, оқу ордасына футбол добын табыс етті.

Жаңа нысанның тұсаукесер рәсімі аяқталған соң, аудан орталығындағы мектеп оқушылары арасында шағын футболдан турнир өтті.

                                                                                   Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале