8.11.2017, 11:54
Оқылды: 21

Жәнібекте валюта айырбастау пункті ашылды

IMG_0275Жәнібек аудандық пошта байланыс торабының жұмыс ауқымы кеңейіп келеді.

 Бұрын мұнда тұтынушылардан электр жарығы мен табиғи газ үшін төлемдер қабылданып, жолаушыларға пойыз және АВИА билеттер сатылып келген болса, енді валюта айырбастау қызметі қосылды.

-Мекемеге «ҚР Ұлтттық банкі» РММ БҚО филиалының 2017 жылғы 31 қазандағы №Б2717004 санды уәкілетті айырбастау пунктінің куәлігі берілді. Пункттің қызметін облыстық филиал бақылайды. Әзірге Ресей рублі мен АҚШ долларын айырбастайтын боламыз. Рубльге сұраныс бар. Валюталардың сатып алу-сату бағамдары көрсетіліп, олар жаңартылып тұрады,-дейді пошта байланыс торабының қаржы жөніндегі бас маманы Гүлбаршын Арыстанғалиева.

А. ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале