25.07.2018, 16:09
Оқылды: 31

Жәнібекте зейнетақыдағы өзгерістер түсіндірілді  

 

IMG_0010Жәнібек аудандық әкімдігінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістер жөнінде жиын өткізілді.


 

Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, жүргізіп отырды. Мекеме, бөлім басшылары қатысқан жиында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының бөлім басшысы Райхан Ибраева баяндама жасады.

Ол өз сөзінде биыл базалық зейнетақы тағайындау тетігі, сондай-ақ зейнеткерлікке шығатын әйел адамның зейнет жасына байланысты және базалық зейнетақы төлеміндегі өзгерістерді  ұғынықты түрде түсіндіріп, жиналғандар тарапынан туындаған сауалдарға толыққанды жауап қайтарды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылап, мекеме, бөлім басшыларына осы басқосуда сөз болған зейнетақыға байланысты өзгерістер туралы қарамағындағы қызметкерлерге айқын мағлұматтар беруді тапсырды.

                                                                                Н.ӨТЕЙ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале