29.12.2018, 11:58
Оқылды: 42

Жәнібекте жәрмеңке өтті

Бүгін Жәнібек ауданының орталығындағы «Әлем» базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

IMG_0013

         -Жәрмеңке барысында Жәнібек ауылының жеке кәсіпкерлері үш бас ірі қара әкелді. Ал Тау ауылынан кәсіпкерлер екі бас ірі қара, Ақоба мен Қамысты ауылының кәсіпкерлері бір-бір жылқыдан әкеліп, келісін 1300 теңгеден саттыққа шығарды. Сондай-ақ Жәнібек ауылынан 35 келі күркетауық еті, 10 келі сары май, бес келі құрт және он литр айран тұтынушылар себетіне жол тартты,- дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің  бас маманы Рустам Аманғалиев.

Л.Халина,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале