15.05.2017, 15:44
Оқылды: 87

Жәнібекте жазғы спорт алаңы ашылмақ

Janibek jana sport alani   Жәнібек ауданында бұқаралық спортты дамытуға зор көңіл бөлініп келеді. Бұл ретте түрлі деңгейдегі жарыстар көптеп өткізіліп, спортпен тұрақты түрде шұғылданушылардың қатары да жыл санап арта түсуде. Халық арасында спортты кеңінен насихаттау, онымен айналысатындарды заман талабына сай спорттық алаңдармен қамтамасыз ету үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жазғы спорт алаңдары салынып, пайдалануға берілуде.


  Осындай спорт алаңы Талов ауылдық округінде де бой көтеруде. Аудан  әкімі Наурызбай Қарағойшин Ғ.Сарыбаев атындағы мектеп-балабақша кешені жанындағы нысанда болып, мұғалімдермен, мектеп директорымен тілдесті. Шағын футбол мен баскетболға бейімделген спорт алаңында мектеп оқушылары асыр салып доп теуіп жүр. Мектеп директоры Серік Сидағалиевтың айтуынша, негізгі жұмыстары аяқтала келген спорт алаңының ашылуы 20 мамырға жоспарланып отырған көрінеді. Нысанның пайдалануға берілуіне орай ауылдық округтерден командалар шақырылып, жарыс ұйымдастырылмақшы.

А. ҚОЖАҒҰЛ 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале