25.06.2018, 15:41
Оқылды: 27

Жәнібекте жол жөндеу жұмыстары жүруде

Жәнібек ауданының орталығында көршілес Ресейге өтетін шекаралық өткізу пунктінен бастап, 158 шақырымнан 164 шақырымға дейінгі республикалық мәртебеге ие айналмалы жолды қырып, тегістеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мердігер – Орал қаласынан «Қазавтодор» РМК мекемесі. Аталмыш жұмыстарға 1 автогрейдер, 1КамАЗ, 1 ауыр бульдозер, 1 «К-700» тракторы 15 тонналық жол тегістейтін катогімен тартылған. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы атқарылуына күш салынуда.

А.БАЙБАРАҚ,

Жәнібек ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале