10.01.2019, 18:52
Оқылды: 19

Жәнібекте жолдар аршылуда

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев солтүстік бағытта орналасқан ауылдарда болып, «Қанат» ЖШС-ның техникаларымен қыстақтарға дейін жолды аршу хақында келісімге келді.

jol (2)

Осылайша, Талов ауылынан Аманат пен Комсомол қыстақтарына баратын жол ашылды. Сондай-ақ Майтүбек елді мекеніне дейінгі және Таловтың ауылішілік жолдары қардан тазаланды. Талов пен Борсы ауылының арасындағы жол ашылу үстінде. Борсыдан Жақсыбай ауылына қарай жол салынатын болады. Бұл мәселе бір-екі күнде жүзеге аспақ. Ауыл тұрғындары Жақсыбай-Еңбек жолын өз күштерімен ашып, соның арқасында қазір Жақсыбай ауылының тұрғындары қалаға жете алады. Сонымен қатар аудан басшысы ауылдың ақсақалдарымен кездесіп, қандай тиімді шаралар қолдану керек секілді мәселелер жайында пікір алмасып, ортақ шешімге келді.

Г.Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале