26.09.2018, 17:17
Оқылды: 89

Жәнібекте «Жомарт жүрек - 2018» сыйлығы берілді

Жәнібек ауданы орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында алғаш рет «Жомарт жүрек – 2018» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

IMG_0024

Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасауға тырысады. Ел тағдыры тұлғалар арқылы жасалатынын ескерсек, біздің ауданымызда еліне шарапатын тигізіп, халқының алғысына бөленіп жүрген жандар жетерлік. Оларды марапаттау үшін аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтау сөз сөйлеп, Борсы ауылдық округінен «Абу» ШҚ басшысы Оразбай Ахетов, Күйгенкөл ауылдық округі «Бағлан» ШҚ басшысы Арман Айтқалиев пен «Мұрат» ШҚ басшысы Талғат Есқалиев, Тау ауылдық округінен  «Дархан» ШҚ басшысы Дархан Зайнуллин, Ақоба ауылдық округі «Жасқанат» ШҚ басшысы Абай Жұмақұлов, Жақсыбай ауылдық округі «Байсал» ШҚ басшысы Тұрсын Осатов, аудандық мәслихат депутаты, ауған ардагері, жеке кәсіпкер Ғилым Әліп, қамыстылық Дәурен Темірәлиев, Борсы ауылдық округі, Тегісшіл елді мекенінің тумасы Ғұбайдолла Дишенов, ҚР Журналистер одағының мүшесі, белгілі өлкетанушы Ахмедияр Батырхановтарға «Жомарт жүрек – 2018» сыйлығын салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ, Сәуле Шайхоллақызы, Ғилым Сәлімұлы, Ғұбайдолла Ахметұлы, Қамысты ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қарақұлов және Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Шара барысында аудандық демалыс орталығының көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, күй тартты.

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

IMG_0033 IMG_0015

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале