30.10.2019, 11:35
Оқылды: 145

Жәнібекте «Жомарт жүрек - 2019» сыйлығы табысталды

Жәнібек ауданының орталығында ауыл шаруашылығы күніне орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды.

 janibek (3)

- Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикасында алар орны ерекше екені баршамызға мәлім. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін үкімет тарапынан аудандағы шаруа қожалықтарға қолдау көрсетілуде. Олар мал басы санын арттырып қана қоймай асылдандырып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуда. Жыл басынан 27 шаруа қожалық 72 млн. 900 мың теңгеге 27 бірлік күн батареясын қондырып, 58 млн. 320 мың теңге субсидия алды. 29 шаруа қожалық 62 млн. теңгеге 31 бірлік құдық соқтырып, 49 млн. 600 мың теңге көлемінде субсидияға ие болды. Сондай-ақ 48 шаруа қожалығы 28 млн. 800 мың теңгеге 48 бірлік тұрақты ток тарту агрегатын алды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде ауданда биыл меценаттардың көмегімен жүзеге асырылған біраз жоба бар, - деді аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтау сөзінде.

janibek (2)

Аудан экономикасы мен ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясының I дәрежелі дипломымен мемлекетаралық сараптама кеңесі президиумының ұсынысы негізінде «Агроөндірістік кешені» аталымымен «Ерлан» шаруа қожалығының жетекшісі Боранбай Айтқалиев пен «Үміт» шаруа қожалығының жетекшісі Ерлан Қуанышқалиев төсбелгімен марапатталды. Сонымен қатар үздік бақташы, шопан, механизатор, ветеринария саласының үздігі, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, ауыл шаруашылығы өнімінің үздік экспорттаушысы, цифрландыру әдісін меңгерген үздік шаруашылық, ауданның ауыл шаруашылығы саласының үздік инвесторы, ауыл шаруашылығы саласының үздігі аталымына Самат Хамиев, Азамат Бимұқанов, Замир Шынақаев, Мирболат Теміров, Әділ Нұртаев, Жасұлан Рахматуллин, Амангелді Нығметов, Роман Жұмағалиев, Берік Бекқалиев лайықты атанды. Бақытжан Ысқақов, Серік Дәулетов, Нұрлыбай Сапаров, Алмагүл Мұхамбетова, Биболат Шагиров, Бейбіт Дауымов, Жамбыл Сабыров, Бауыржан Фазылов, Артур Осатов және Ербол Бақаев сынды аудандағы бірқатар шаруа қожалық жетекшісіне «Жомарт жүрек - 2019» сыйлығы табыс етілді. Сондай-ақ Қамысты ауылдық округінің 1989 және 1999 жылғы мектеп түлектері «Жомарт жүрек» аталымымен марапатталды.

Шарада Ғұмар Қараштың 145 жылдығына орай өткен 90 шақырымдық  бәйгеде демеушілік еткен Маралбек Абилов, Саят Ахметов, Арман Малаев, Рамазан Қуанышқалиевтарға алғысхат табысталды.

Лаура Қалы

суреттерді түсірген Асылжан Тұяқов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале